Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мемлекеттік қызметшілер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекеттік қызмет – ел мүддесіне адал қызмет етудің, халық сенімін ақтаудың және мемлекетіміздің тұрақты дамуына үлес қосудың маңызды тетігі. Бұл сала жоғары жауапкершілікті, кәсібилік пен адалдықты талап етеді.
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның мемлекеттік қызмет жүйесі заман талабына сай жаңарып, меритократия қағидаттарына негізделген тиімді басқару институтына айналды. Бүгінде мемлекеттік қызметшілер еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, мемлекеттік бағдарламалар мен реформалардың табысты жүзеге асуына сүбелі үлес қосып келеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев әділетті, тиімді әрі халыққа жақын мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыруды басты міндеттердің бірі ретінде айқындап келеді. Осы бағытта мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігі мен жауапкершілігіне ерекше мән берілуде.
Халқымыз «Ел аманаты – ерге сын» дейді. Мемлекет пен халық арасындағы алтын көпір саналатын мемлекеттік қызметшінің басты міндеті – ел сенімін ақтап, сапалы әрі нәтижелі қызмет көрсету. Төлеби ауданының өсіп-өркендеуіне, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды бастамалар мен жобалардың жүзеге асуында сіздердің еңбектеріңіз ерекше.
Құрметті әріптестер!
Кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін. Еліміздің өркендеуі мен туған жеріміздің дамуы жолындағы еңбектеріңіз әрдайым жемісті болып, толағай табыстарға жетелей берсін!
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау