Құрметті мемлекеттік қызметшілер!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Құрметті мемлекеттік қызметшілер!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметші күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекеттік қызмет – үлкен жауапкершілік пен жоғары сенімді талап ететін абыройлы міндет. Ел игілігі жолында адал еңбек етіп, халықтың әл-ауқатын арттыруға, мемлекеттік саясаттың тиімді жүзеге асуына және қоғамның тұрақты дамуына өз үлестеріңізді қосып келесіздер.
Мемлекет басшысы айқындаған стратегиялық міндеттерді орындауда мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігі, біліктілігі мен адалдығы ерекше маңызға ие. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқын алып, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған игі бастамалар жүзеге асырылуда.
Осы мерекелі күні баршаңызға зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс, жауапты қызметтеріңізде жаңа жетістіктер мен толағай табыстар тілеймін. Ел игілігі жолындағы еңбектеріңіз әрдайым жоғары бағаланып, абыройларыңыз асқақтай берсін!
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Құрметпен, Шардара ауданының әкімі
Қарсыбаев Арман Романұлы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1247354?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version