ҚҰТТЫҚТАУ!!!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Құрметті мемлекеттік қызмет саласының қызметкерлері мен ардагерлері!
 
Қадірменді тәртіп сақшылары!
 
Қазіргі таңда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асқан мемлекет» тұжырымдамасы мен мемлекеттік бағдарламаларын, еліміздің әлеуметтік экономикасын дамыту жолында қажырлы еңбек етіп келе жатқан баршаңызды «23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
 
Дамыған мемлекеттің негізгі қозғаушы тетігі – жоспарлы саясаты мен нақты қадамдарын жүзеге асырушы, ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметші болу – жауапты іс. Мемлекеттік қызметші – іскерлік дағды қалыптастырған еліміздің ең маңызды идеяларының бастаушысы.
 
Сонымен қатар, дәл осы күні біз мемлекеттік қызметшілер мерекесімен қатар «Полиция күнін» де атап өтеміз.
 
Құрылғанына ширек ғасырдан асқан Қазақстан полициясының өткен-кеткені өз алдына бөлек әңгіме. Десек те, тәртіп сақшыларының қарбаласқа толы бүгінгі тірлігі ауыз толтырып айтуға тұрарлық деңгейде.
 
Айта кетейік, бүгінде ел ішінде полицияның қызметіне, полиция сарбаздарының адами болмысына, тұлғалық бейнесіне деген халықтың көзқарасы өзгеріп, оң бағалар берілуде. Мұның бәрі, әрине, қажырлы еңбек пен тынымсыз ізденістің жемісі.
 
Бүгінгі кәсіби мерекеде Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, халыққа қызмет ету және ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы адал еңбектеріңізге толағай табыстар тілеймін!
 
Құрметпен,
Серік Үсенұлы Мамытов
Жетісай ауданының әкімі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-zhetisai/press/news/details/1246146?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version