САЙРАМ АУДАНЫ: ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫНА ҚАТЫСТЫ ЖИЫН ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін Сайрам аудан әкімі аппаратының басшысы Нұрлан Өмірбекұлының төрағалығымен кезекті аппараттық жиын өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері мен жауапты мамандар қатысты. Мәжіліс барысында аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстардың барысы қаралып, бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, электронды еңбек шарттарын тіркеу, міндетті зейнетақы жарналарының аударылуы және жұмысшыларды жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру бағытындағы жұмыстардың орындалу деңгейі сараланды. Жиын барысында көрсеткіштері төмен ауылдық округтер мен жауапты мекемелердің жұмыстары сынға алынып, орын алған кемшіліктерді қысқа мерзімде жою бойынша нақты тапсырмалар берілді. Сондай-ақ, аудан аумағындағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді жақсарту, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ету және тұрғындар тарапынан көтеріліп жүрген мәселелерді шешу бағытындағы жұмыстарды күшейту тапсырылды. Қаралған мәселелер бойынша жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктеліп, олардың орындалуы тұрақты бақылауда болатындығы ескертілді.
 
 
Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-sairam-audany/press/news/details/1245955?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version