Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін ішкі талдау жүргізу туралы бекітілген кестеге сәйкес, Сайрам ауданы әкімдігіне бағынысты жергілікті атқарушы органдарда 2026 жылдың 2026 жылдың 14 мамыры мен 26 маусымы аралығында ішкі талдау жұмыстары жүргізілуде.
Осы ретте, 2026 жылғы 19 маусым күні аудан әкімі аппаратының басшысы Нұрлан Өмірбекұлының төрағалығымен жүргізіліп жатқан ішкі талдау анықтамасының алдын ала нұсқасын талқылау өтті.
Жиын барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері болуы мүмкін салалар мен тиісті құжаттарға тоқталып, тәуекелдердің алдын алу шараларын қабылдау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Сонымен қатар, талқылау кезінде көтерілген мәселелер бойынша зерделеу жұмыстары жалғастырылатыны айтылып, тиісті жұмыстарды күнделікті және тұрақты түрде жүргізу қажеттігі ескертілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-sairam-audany/press/news/details/1245934?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау