Жастар арасындағы нашақорлықтың алдын алу бағытындағы өзара ынтымақтастықты күшейту мақсатында жетекші жоғары оқу орындары мен колледждер бас қосты.
Кездесу барысында «Esbol Qory» қоғамдық қоры мен Абай облысының білім беру ұйымдары арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Іс-шарада синтетикалық есірткілердің таралуы, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау мәселелері талқыланды.
Спикерлер нашақорлықтың алдын алуда жастарды қоғамдық, әлеуметтік және волонтерлік бастамаларға тартудың маңызын атап өтті. Сондай-ақ профилактикалық жұмысты халықаралық стандарттар негізінде жүргізу қажеттігі айтылды
Абай облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы жастар арасында қауіпсіз әрі салауатты орта қалыптастыруға бағытталған бастамаларды алдағы уақытта да қолдайтын болады.
Іс-шара «Заң мен тәртіп» қағидаттары мен «Есірткісіз Қазақстан» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhastar-basqarmasy/press/news/details/1245796?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау