Семинар өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 24 маусымында «Атамекен» ҰҚП Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы жанында ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 1 маусымдағы №ҚР ДСМ-59/2020 және «Медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» 2020 жылғы 22 қазандағы №ҚР ДСМ-148/2020 бұйрықтарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар тақырыбында кеңейтілген семинар өткізілді.

Аталған семинарға ҚР ДСМ «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыу орталығы» ШЖҚ КМК өкілдері және облыс көлеміндегі меншік нысанына қарамастан барлық медициналық ұйымдар мен жеке және заңды тұлғалардың өкілдері оффлайн және ZOOM ақпараттық платформасы арқылы қатысты.

Семинар соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, саладағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-kyzylorda/press/news/details/1247402?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version