2026 жылғы 23 маусымда Шахтинск қалалық мәслихатының төрағасы Ж.С. Мамерханова Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметші күні мен Полиция күніне арналған салтанатты іс-шараға қатысты.
Шахтинск қаласының әкімі М.Е. Қыдырғанбеков мемлекеттік органдар мен құқық қорғау қызметінің өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және қызметтік борышына деген беріктігі үшін алғысын білдірді. Іс-шара барысында Шахтинск қаласының Құрмет грамоталарымен қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатысқаны, көп жылғы адал еңбегі және қоғамның дамуына, мемлекеттік құндылықтарды нығайтуға әрі Жаңа Қазақстанды құруға қосқан елеулі жеке үлесі үшін бірқатар азаматтар марапатталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-shahtinsk/press/news/details/1246658?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау