ШАРДАРА АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ АРМАН ҚАРСЫБАЕВ СТРАТЕГИЯЛЫҚ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін Шардара ауданының әкімі Арман Романұлы Қарсыбаев қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында жүзеге асырылып жатқан маңызды инфрақұрылымдық жобалардың құрылыс алаңдарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстарды көрді.
Алдымен аудан басшысы «Тама» құдығынан Шардара қаласындағы су таратушы хаузға дейін тартылған ұзындығы 40,4 шақырымды құрайтын магистральды су құбырының жай-күйін көрді. Жоба аясында «Тама» аумағында екі дана 500 текше метрлік және №14 бекетте екі дана 5000 текше метрлік су резервуарларының құрылысы толық аяқталған.
Сондай-ақ бас су торабында 14 ұңғыма қазылып, су айдағыш насостар орнатылған. Екі насос станциясының ғимараты салынып, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, магистральды су жүйесіне қосылған. Қазіргі таңда құбыр желілері, құдықшалар, задвижкалар мен резервуарларды гидрологиялық тексеру және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Одан кейін аудан әкімі Шардара қаласындағы су таратушы хаузда болып, жөндеу жұмыстарымен танысты. Бүгінде жалпы сыйымдылығы 7000 текше метрді құрайтын төрт резервуарды күрделі жөндеу, су тарату жүйелерін жаңарту, операторлық ғимарат салу және технологиялық процестерді автоматтандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
2026 жылдың маусым айында басталған құрылыс жұмыстарын тамыз айында аяқтау жоспарланған. Қазіргі таңда барлық жұмыстар бекітілген жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда.
Аудан басшысы нысандарды аралау барысында жауапты сала жетекшілері мен мердігер мекеме өкілдеріне құрылыстың сапасына ерекше мән беруді, жұмыс қарқынын төмендетпеуді және белгіленген кестеге сәйкес уақытылы аяқтауды қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.
Таза ауыз су – халық денсаулығы мен өмір сапасының басты кепілі. Шардарада жүзеге асырылып жатқан бұл ауқымды жобалар мыңдаған тұрғынды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіп қана қоймай, өңірдің инфрақұрылымдық дамуына тың серпін береді.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1247361?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version