Сиань қаласындағы мәдени-гуманитарлық алмасулар қазақ-қытай өңіраралық ынтымақтастығын кеңейтеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сиань, 2026 жылдың 24 маусым – Қазақстан Республикасының Сиань қаласындағы Бас консулдығы Сиань кәсіптік-техникалық колледжі ұйымдастыруымен өткен Қытайдың шет елдермен халықаралық мәдени-гуманитарлық алмасу іс-шарасына белсенді қатысты. Салтанатты қорытынды конференция барысында қазақстандық Еуразия Инновациялық университеті (Павлодар қ.) мен Қазақстан-Ресей медицина университетінің (Алматы қ.) студенттеріне Сиань қ. «Қытай тілі мен кәсіби дағдыларды оқыту орталығы» базасында 10 күндік тағылымдаманы аяқтағаны туралы сертификаттар табысталды.

Анықтама: Сиань кәсіптік-техникалық колледжі – Сианьның Халықтық үкіметі құрған және Шэньси провинциясының Халықтық үкіметі бекіткен мемлекеттік оқу орны. Колледж Ғылым мен технологиялар инновациялық орталығында, Fortune 500 тізіміне кіретін көптеген жоғары технологиялық кәсіпорындар мен компаниялармен әрекеттеседі. Бұл колледж бен кәсіпорындар арасындағы ынтымақтастыққа және ресурстарды бірлесіп пайдалануға кең мүмкіндіктер туғызады. Колледж құрамында 12 оқу институты бар, профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер саны – 645 адам, студенттер саны – 12 мың адам.

Ресми іс-шараға «Орталық Азия – Қытай» форматы Хатшылығының, ҚХР Білім министрлігі жанындағы Халықаралық тілдік ынтымақтастық және алмасу департаментінің, Сиань қалалық Халықтық үкіметінің Сыртқы істер және білім басқармасының өкілдері қатысты.

Бұл шара өңіраралық ынтымақтастықты дамытудың көрнекті үлгісіне айналды. Сиань қаласындағы оқу орындарының қазақстандық студенттерге арналған «Қытай тілі + кәсіп» бағдарламасын жүзеге асыруы 2025 ж. маусымда Астана қаласында өткен «Орталық Азия – Қытай» екінші саммитінің қорытындысы негізінде білім саласындағы мамандардың өзара алмасуы және ынтымақтастық орталығын құру туралы келісімдері аясында мүмкін болды. Бұл қабылданған шешімдер кәсіптік білім саласындағы ынтымақтастық бағдарламасын әзірлеу арқылы ортақ ғылыми-білім беру платформасын қалыптастыруға себеп болды.

Осы мәдени-гуманитарлық алмасу алаңында, қазақстандық дипломат ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың бастамасымен елімізде жүргізіліп жатқан саяси, институционалдық және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы бірқатар түсініктеме беріп, бағдарламаны жүргізудегі қазақстандық студенттердің рөлі жайына назар аударды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстанда жұмысшы мамандықтарын жан-жақты қолдауға, олардың қоғамдағы беделін арттыруға және кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған бірқатар бағдарламалар қабылданғаны жайында атап өтті.

Қатысушылар Президент Қ.Тоқаевтың жүйелі реформалары негізінде халықаралық білім беру ынтымақтастығын дамытуда институционалдық платформа құрылғанын ерекше құптады. Нәтижесінде қазақстандық студенттер бірегей кәсіби біліктілігін шыңдауға және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға кең көлемде мүмкіндік алып, осындай халықаралық деңгейде практикалық кәсіби тәжірибе алмасуына қатысып, мемлекетаралық экономикалық және әлеуметтік қатынастардың жаңа белестеріне көтерілуіне негіз болатынына сенім білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-xian/press/news/details/1246482?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version