Сыбайлас жемқорлықтың профилактикасы мәселелері бойынша

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сыбайлас жемқорлық–қоғамның дамуына кедергі келтіретін, мемлекеттік басқару жүйесіне деген сенімді әлсірететін қауіпті әлеуметтік құбылыс. Сондықтан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады.

Бүгінде елімізде заң үстемдігін қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтердің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бұл жұмыстардың басты мақсаты – қоғамда адалдық пен әділдік қағидаттарын нығайту.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының 22  бабына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті.

Ауданымызда  сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылып келеді. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін цифрландыру, ашықтықты қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауын бақылау және тұрғындармен тұрақты кері байланыс орнату бағыттарына ерекше көңіл бөлінуде.

2026 жылдың басынан ауданда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған 500-ге жуық ақпараттық-материалдар (постерлер,брошюралар,парақшалар және буклеттер) Үржар ауылындағы халық көп шоғырланған орындарда таратылды.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған мазмұндағы 2 баннер Үржар ауылының орталық көшелерінде орналастырылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мен жемқорлықтың алдын алуға бағытталған мазмұндағы 2 бейнеролик әзірленіп, әлеуметтік желілер (инстаграмм) арқылы кеңінен тарату жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, аталған бейнероликтер Үржар ауылының орталығындағы «Лэд-экранға» орналастырылды.

         2026 жылдың 2 сәуірінде Үржар ауданының әкімдігінің бірінші қабатында орналасқан Азаматтарды қабылдау орталығында «Ашық есік күні» акциясы өткізілді. Аталған іс-шара  аясында жергілікті атқарушы орган өкілдері  тарапынан азаматтарды жеке қабылдау ұйымдастырылып, тұрғындардың көтерген мәселелер бойынша кеңестер берілді және мемлекеттік органдардың қызметіне қатысты тиісті түсіндірмелер жасалды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің профилактикасы мақсатында білім беру ұйымдарында жұмысқа орналастыру тәртібі туралы нормаларды түсіндіру акциясы өткізілді. Акция 2026 жылғы 11 маусымда Үржар ауданының мектеп директорлары, мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары және оқу ісі жөніндегі орынбасарлары арасында ұйымдастырылды

 Оң кейстерді бұқаралық ақпараттық-құралдарында кеңінен жария ету арқылы адал бизнесті насихаттау аясында Үржар аудандық «Уақыт тынысы» («Пульс времени») газетінің 2026 жылғы     12 наурыздағы №10 (7657) басылымында «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ-ң бизнесті ынталандыру мақсатында қолдаудың жаңа бағыты: «Мемлекет өтейтін шығындар тізімі кеңейтілді» тақырыбында хабарлама жарияланды.

Адал, лайықты мемлекеттік қызметші үлгісін кеңінен жария ету мақсатында Үржар ауданының абыройлы мемлекеттік қызметшілердің бір күндік жұмыс барысы туралы бейнероликтер түсіріліп, аудандық Ішкі саясат бөлімінің аудан әкімдігінің Instagram, Facebook әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында жариялануда.

2026 жылдың 24 маусымында аудан деңгейінде Үржар аудандының Мәдениет үйінде «Халық заңгері» республикалық акциясы өтеді.

         Сыбайлас жемқорлықпен күрес тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті екенін атап өткен жөн. Әрбір азамат заң талаптарын сақтап, жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға өз үлесін қосуы қажет. Адал еңбек пен әділ шешім ғана қоғамның тұрақты дамуының кепілі бола алады.

Осы орайда аудан тұрғындарын заң талаптарын қатаң сақтауға, мемлекеттік қызметтерді заңды жолмен алуға және сыбайлас жемқорлық фактілеріне бейжай қарамауға шақырамын. Бірлескен күш-жігердің арқасында ғана ашық, әділетті және дамыған қоғам құра аламыз.

Адалдық пен әділдік – әрбір азаматтың өмірлік ұстанымына айналғанда ғана сыбайлас жемқорлықсыз қоғам қалыптастыра аламыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-urzhar/press/news/details/1247200?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version