Сырым ауданының педагогтері республикалық семинарда тәжірибелерімен бөлісті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сырым ауданының педагогтері республикалық семинарда тәжірибелерімен бөлісті.

«ECOBATYS – ерте жастан еңбекке баулу: дәстүрлі және заманауи педагогикалық технологиялардың интеграциясы» атты республикалық семинарда Сырым ауданының педагогтері де өздерінің үздік тәжірибелерімен бөлісіп, ауданымыздың мәртебесін көтерді.

Орал қаласындағы №48 «Мұрагер» бөбекжайының тәжірибелік алаңында «Балдырған» бөбекжай-бақшасының робототехника педагогі Жандос Мендешұлы мен меңгерушісі Венера Муратовна «Aibarys: мектепке дейінгі жаста еңбекке баулу мен экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы робототехника және жасанды интеллект мүмкіндіктері» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді.

Сонымен қатар, «Атамекен» өнер ордасында ұйымдастырылған «EKOTECH: цифрлық шешімдер мен жасыл идеялар» көрмесінде «Инновация, еңбек, экология» тақырыбындағы жұмыстары таныстырылды. Көрме басқа өңірлерден келген мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің ерекше қызығушылығын тудырып, жоғары бағасын алды. Осы жұмыстарының нәтижесі ретінде «Балдырған» бөбекжай-бақшасының робототехника педагогі Жандос Мендешұлы Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

Сондай-ақ, пленарлық бөлімде М.Қаналиев атындағы мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің тәлімгері, «Эко қорғаушылар» клубының жетекшісі Нұрболат Серікұлы Жұмағазиев «Табиғатпен үндес тәрбие» жобасын таныстырды. Өз сөзінде мектеп пен балабақша сабақтастығын нығайтуға бағытталған «Бір мектеп – бір бақ» және «Бір балабақша – бір бақ» жобаларының жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, табиғатты аялау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру тәрбиесінің балабақшадан бастау алатынына тоқталып, облыстағы мектепке дейінгі ұйымдарға серіктестік негізінде жұмыс жүргізу туралы ұсынысын білдірді.

Сырым ауданының педагогтерін республикалық деңгейде ауданымыздың абыройын асқақтатып, өз тәжірибелерімен бөліскен жетістіктерімен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс пен жаңа белестер тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-syrym/press/news/details/1247544?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version