Талдықорған қаласында ашық бокс чемпионаты өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 8–11 маусымы аралығында Талдықорған қаласында «Даурен Boxing» спорт клубының ашық бокс чемпионаты өтті. Аталған жарысқа Жетісу және Алматы облыстарынан барлығы 119 жас былғары қолғап шебері қатысты.

Бұл додада Ескелді аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің Қаратал ауылынан барған спортшылары жаттықтырушы Серік Мәженұлының жетекшілігімен сәтті өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

Жарыс қорытындысы бойынша:

🥇 І орын – Рахманов Рамиль;

🥈 ІІ орын – Бауыржан Сақара, Сүлейменова Алина, Мұхитов Абылай;

🥉 ІІІ орын – Төлеген Айзере.

Жүлдегер спортшылар мен олардың жаттықтырушысы Серік Мәженұлын жеңістерімен құттықтаймыз! Жас спортшыларға алдағы жарыстарда толағай табыстар, биік белестер мен жаңа жеңістер тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-eskeldy-karatal/press/news/details/1247487?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version