Тараз қалалық прокуратурасымен бірлескен түнгі профилактикалық рейд өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тараз қалалық пробация қызметінің қызметкерлері Тараз қалалық прокуратурасының өкілдерімен бірлесіп кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың мінез-құлқын бақылау және қоғамға бейімделуіне ықпал ету мақсатында түнгі профилактикалық рейд ұйымдастырды.

Іс-шара барысында пробация қызметінің есебінде тұрған кәмелетке толмаған жасөспірімдердің тұрғылықты мекенжайлары тексеріліп, олардың бос уақытын өткізу жағдайы, тұрмыстық ахуалы және заң талаптарын сақтау мәселелері зерделенді. Сонымен қатар, жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) жеке профилактикалық әңгімелесулер жүргізіліп, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.

Рейд барысында жасөспірімдерге құқық бұзушылықтардың салдары, қоғамдық тәртіпті сақтау, заң талаптарын орындау және жауапкершілік мәселелері жөнінде жан-жақты түсіндірілді. Сондай-ақ олардың білім алуына, еңбекке орналасуына және бос уақытын тиімді ұйымдастыруына қатысты ұсыныстар берілді.

Мұндай профилактикалық іс-шаралардың басты мақсаты – кәмелетке толмағандар арасында қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың әлеуметтік ортаға бейімделуіне қолдау көрсету, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады.

Тараз қалалық пробация қызметі алдағы уақытта да уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыра отырып, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытындағы шараларды тұрақты негізде жүзеге асыратын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duiszhambyl/press/news/details/1247253?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version