Таза Қазақстан: жыл басынан бері экологиялық акцияларға 270 мыңнан астам ақтөбелік атсалысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Таза Қазақстан: жыл басынан бері экологиялық акцияларға 270 мыңнан астам ақтөбелік атсалысты

Ақтөбе облысында Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында қоршаған ортаны қорғау, елді мекендерді абаттандыру және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру бағытындағы жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылып жатқан іс-шаралар өңірдің санитарлық жағдайын жақсартып қана қоймай, қоғамның табиғатқа деген жауапкершілігін күшейтуге ықпал етуде.

«Жыл басынан бері облыс бойынша өткізілген экологиялық акцияларға 270 мыңнан астам тұрғын мен 7,5 мыңға жуық мекеме және кәсіпорын қатысты. Нәтижесінде 100 мыңнан астам аула, оның ішінде 3 585 көпқабатты және 97 мыңнан астам жеке тұрғын үй аумағы тазартылды. Сонымен қатар 1 817 әлеуметтік нысан мен 354 саябақ және сквердің аумағында санитарлық жұмыстар жүргізілді» – деді Ақтөбе облысы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Исатай Еспағанбетов Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Табиғи нысандарды қорғау және олардың тазалығын сақтау мәселесіне де ерекше көңіл бөлінуде. Биыл өңірде 22 мыңнан астам су айдыны жағалауы тазартылып, 28 мың метрден астам арық жүйелері ретке келтірілді. Бұл жұмыстарға 442 арнайы техника жұмылдырылып, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарына 24 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды.

«Таза Қазақстан» бағдарламасының маңызды бағыттарының бірі – цифрландыру және экологиялық инфрақұрылымды дамыту. Бағдарлама бастау алғалы бері облыс аумағында 395 бейнебақылау камерасы орнатылып, 1 482 көпқабатты тұрғын үй су есептегіш құралдарымен жабдықталды. Сонымен қатар 332 мыңнан астам жасыл желек цифрлық базаға енгізіліп, шамамен 220 мың ағаш отырғызылды» – деп атап өтті спикер.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-aktogay/press/news/details/1247540?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version