Тазалық – әр демалушының мәдениеті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қоршаған ортаны таза ұстау және табиғатты аялау бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Әсіресе жаз мезгілінде өзен-көлдердің жағасына, табиғат аясына демалуға шығатын тұрғындардың жауапкершілігі ерекше маңызды.

Табиғат – баршаға ортақ байлық. Сондықтан демалыс ұйымдастырған әр азамат өзі отырған орынды таза қалдыруды басты міндет деп санауы керек. Өкінішке қарай, кей жағдайда демалыстан кейін жағалауда пластик бөтелкелер, тамақ қалдықтары мен түрлі қоқыстар қалып жатады. Мұндай көрініс табиғатқа зиян келтіріп қана қоймай, басқа адамдардың демалуына да қолайсыздық тудырады.

Тазалық мәдениеті қарапайым әрекеттерден басталады. Қоқысты арнайы пакеттерге жинап, белгіленген орындарға тастау, от жағылған орынды ретке келтіру, айналаны таза күйінде қалдыру – әр адамның азаматтық борышы.

Бүгін сіз демалған жерде ертең басқа отбасы, балалар немесе қонақтар демалуы мүмкін. Сондықтан табиғат аясындағы әрбір орын сіз кеткеннен кейін де таза әрі жайлы күйінде қалуы тиіс.

«Таза Қазақстан» акциясы барша тұрғындарды қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға шақырады. Тазалықты өзімізден бастап, табиғатты бірге қорғайық!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/1247680?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version