I топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасау жәрдемақысы туралы не білу керек?
👥 Жәрдемақы Қазақстан азаматтарына, қандастарға және халықаралық шарттарға сәйкес шетелдіктерге тағайындалады.
🤝Күтім жасаушының туыстық байланысы болуы міндетті емес.
Бір адам екі I топтағы мүгедектігі бар азаматқа күтім жасаса, әрқайсысына жеке жәрдемақы тағайындалады.
👨👩👧👦 Бір адамға бірнеше адам күтім жасаса, жәрдемақы тек біреуіне ғана төленеді.
👤Күтім жасаушы мен мүгедектігі бар адам бір елді мекенде тұруы тиіс.
💰Жәрдемақы мөлшері – ең төмен күнкөріс деңгейінің 1,61 мөлшері.
Күнкөріс деңгейі өзгерген жағдайда жәрдемақы мөлшері де қайта есептеледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhetysu/press/news/details/1247464?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау