ҮЗДІК ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР – БАЙЗАҚТЫҢ МАҚТАНЫШЫ
Медицина қызметкері күніне орай Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында өткен салтанатты шарада денсаулық сақтау саласының үздік мамандары марапатталды. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ұйымдастырған жыл сайынғы кәсіби байқаудың қорытындысы бойынша Байзақ аудандық орталық емханасының әлеуметтік қызметкері Үйкекбай Арайлым Ғалымжанқызы «Үздік денсаулық сақтаудағы әлеуметтік қызметкер» номинациясының иегері атанды.
Марапатты Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова табыстап, сала мамандарының халық денсаулығын сақтау жолындағы еңбегіне жоғары баға берді.
Арайлым Ғалымжанқызы еңбек жолында пациенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға, әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға жан-жақты көмек көрсетуге және әлеуметтік қызметтің сапасын арттыруға сүбелі үлес қосып келеді. Сонымен қатар ол жастар саясаты мен волонтерлік қызметте де белсенділігімен ерекшеленіп, қоғамдық жұмыстарға ұйытқы болып жүр.
Бұған дейін де облыстық және республикалық деңгейдегі бірқатар байқаулардың жеңімпазы атанған жас маманның бұл жетістігі – оның кәсіби шеберлігі мен жауапты еңбегінің нәтижесі. Арайлым Ғалымжанқызының жеңісі Байзақ ауданы мен Жамбыл облысының медицина саласы үшін зор мәртебе. Үйкекбай Арайлым Ғалымжанқызын жоғары марапатымен шын жүректен құттықтап, алдағы қызметіне толағай табыс, мықты денсаулық және жаңа белестер тілейміз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak-tuymekent/press/news/details/1247826?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау