Ұзақ мерзімді еңбек демалысында МӘМС қалай төленеді?

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ұзақ мерзімді еңбек демалысында МӘМС қалай төленеді?
Егер қызметкер бір айдан ұзақ мерзімге ақылы еңбек демалысына шықса, МӘМС төлемдерін дұрыс бөлу өте маңызды.
Мысалы: қызметкер екі ай демалыста болса, жұмыс беруші төлемді бір рет аударғанымен, оны әр ай бойынша жеке көрсетуі керек. Яғни, тамыз және қыркүйек айларына арналған төлемдер бөлек есептелуі тиіс.
Егер бұл талап сақталмаса, қызметкердің жүйеде берешегі пайда болып, сақтандырылған мәртебесі тоқтап қалуы мүмкін.
Сондықтан бухгалтерия қызметкерлері МӘМС бойынша аударымдар мен жарналарды әр есептік кезеңге бөліп төлеуі қажет. Бұл қызметкердің сақтандыру мәртебесінің үздіксіз сақталуына мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1247337?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version