«Заң мен тәртіп» идеологиясы тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін «Заң мен тәртіп» идеологиясын насихаттау және құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында басқармада дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараға құрылыс басқармасының қызметкерлері қатысты.

Дөңгелек үстел аясында пікір алмасу жүргізіліп, басқарма ұжымы өз ұсыныстары мен ойларын ортаға салды. Сондай-ақ, қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде әрбір азаматтың рөлі ерекше екені атап өтілді.

Іс-шара қорытындысында заң мен тәртіп қағидаттарын дәріптеу, құқықтық мәдениетті дамыту және азаматтардың құқықтық жауапкершілігін арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыру қажеттігі айтылды. «Заң мен тәртіп» идеологиясы – әділетті, қауіпсіз және дамыған қоғам құрудың басты негіздерінің бірі екені ерекше атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-kurylys/press/news/details/1246281?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version