Заң мен тәртіп – жастар қауіпсіздігінің негізі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 2 маусым күні Алматы облысы, Қарасай ауданының №2 МБЖСМ-де Киокушинкай-кан каратэден балалар, жасөспірімдер мен қыздар арасында дәстүрлі Х «BÓRI-2026» халықаралық турнирі өтті. Іс-шараны Алматы облысы Полиция департаменті, Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы және серіктес ұйымдар бірлесіп ұйымдастырды. Жарысқа Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қазақстанның 10 өңірінен 300-ге жуық спортшы қатысты. Шара барысында полиция қызметкерлері жастарға нашақорлықтың зияны, құқықтық жауапкершілік және заң мен тәртіп қағидатының маңызы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ұйымдастырушылар мұндай спорттық турнирлер жастарды салауатты өмір салтына баулып, құқықбұзушылықтың алдын алуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1247301?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version