⚜️Жетісу өңіріндегі шығармашыл жастардың шабытын шыңдау мақсатында еліміздегі тұңғыш авторлық жоба – Әдебиет мектебі құрылып бүгін Талдықорған қаласы Оқушылар сарайында маусымның қорытындысы өтті.
⚜️Оның басты мақсаты – Жетісу облысында ақындық мектеп қалыптастыру, жастарды ақындық өнерге баулу, жазба ақындардың талантын ашып, шығармашылыққа шабыт беру. Шығармашыл жастардың өнеріне қолдау көрсету, жас ақындардың шығармашылығының шыңдалуына және әдеби ортада танылуына жол ашу, өңір әдебиетінде жаңа есімдерді қалыптастыру.
⚜️Өнер мектебіне Жетісу облысының шығармашылыққа қызығушылығы бар 6–10 сынып аралығындағы оқушылары қатысты. Жетісу облысына қарасты 8 аудан 2 қала бойынша 500 бала қатысып Облыстық кезеңге 113 оқушының
🔹60 жеңімпаз
🔹53 арнайы жүлде табысталды.
⚜️Әдеби мектептің форматы – жылжымалы. Яғни мұнда ауылдағы әдебиетке әуес оқушыларды ақын-жазушылар мен өңірдегі танымал қаламгерлер өздері іздеп барып оқытады. «Оқу әдебі» пәнінен Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, облыстық «Жетісу» газетінің бас редакторы Жұматай Әміреев сабақ берсе, «Жазу мәнері» пәнінен «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі, ақын Мұхтар Күмісбек.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetisy-maslihat/press/news/details/1246943?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау