Жеке сот орындаушыларымен семинар өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 

Жеке сот орындаушыларымен семинар өткізілді

2026 жылдың 24 маусымында Жамбыл облысы Әділет департаментімен, Жамбыл облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы басшылығының және облыстың барлық жеке сот орындаушыларының қатысуымен семинар өткізілді. Аталған семинардың тақырыбы “Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Даму жоспарының мақсатты индикаторларына қол жеткізу, алимент, жалақы және мемлекет пайдасына өндіру туралы атқарушылық құжаттардың талабын орындау, сондай-ақ борышкерлерді әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту” болды.

Семинар барысында мақсатты индикаторларға қол жеткізу, атқарушылық құжаттардың талабын орындау және борышкерлерді жауапкершілікке тарту бойынша өзекті сұрақтар талқыланып, нәтижесі бойынша Өңірлік палата басшылығының және жеке сот орындаушыларының алдына орындау үшін нақты міндеттер қойылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-zhmb/press/news/details/1247409?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version