Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында Жетісу ауданында салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Іс-шара барысында аудан әкімі мемлекеттік қызмет саласында абыройлы еңбек етіп жүрген қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың ауданның дамуы мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға қосқан үлесін ерекше атап өтті.
Салтанатты жиында өз қызметтік міндеттерін жоғары жауапкершілікпен атқарып, кәсіби біліктілігімен ерекшеленген бірқатар мемлекеттік қызметшілер аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-zhetysu/press/news/details/1245944?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау