Жезқазған қалалық мәслихатының VІІІ шақырылымдағы кезектен тыс 45-сессиясы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жезқазған қалалық мәслихатының VІІІ шақырылымдағы кезектен тыс 45-сессиясы өтті.

Сессия жұмысына Жезқазған қалалық мәслихатының төрағасы  Қапарова Р.О. төрағалық етті. Сессия жұмысына қала әкімі Шайжанов К. А.,  қала әкімінің орынбасарлары,  мекеме, бөлім басшылары қатысты.

Күн тәртібінде қаралған мәселелер:

1.Жезқазған қаласы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерін бекіту туралы

2.Қалалық мәслихатының 2011 жылғы 11 қарашадағы №33/403 «Жезқазған қаласы әкімдігінің дербес құрамын бекіту туралы»шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

3.Жезқазған қаласы тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық бөлімі Жезқазған қаласы әкімдігінің «Мәдениет және демалыс саябақтарын басқару» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына жергілікті бюджет есебінен ынталандыру үстемеақыларының мөлшерін белгілеу туралы

4.Қалалық мәслихаттың 2022 жылғы 25 шілдесіндегі№25/197 « Қалалық бюджеттік комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

5.Жезқазған қалалық мәслихатының 2025 жылғы 15 сәуірдегі №32/182 «Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Сессия барысында күн тәртібіне енгізілген барлық мәселелер жан-жақты талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhezkazgan/press/news/details/1245816?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version