ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІ МЕН ЖОЛАҚТАРЫ ЖАҢАРТЫЛУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және көлік инфрақұрылымын жақсарту мақсатында жол белгілері мен жол таңбаларын жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Қазіргі таңда Б.Саттарханов даңғылы, Есімхан көшесі, сондай-ақ №9, №11 және №28 көшелерде жол сызықтарын сызу жұмыстары жүргізілуде. Жол бойындағы бағыттаушы сызықтар, жаяу жүргіншілер өткелдері, аялдама аймақтары мен қиылыстардағы қауіпсіздік белгілері жаңартылып, олардың көріну деңгейі едәуір жақсартылуда.
Сонымен қатар, жол таңбаларын жаңарту жұмыстарымен қатар асфальт жабындарын қалпына келтіру және күтіп-ұстау шаралары да атқарылуда.
Жол инфрақұрылымын жетілдіру бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен қала аумағының өзге де көшелерінде жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1245618?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version