🔊 КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

⚜️ Бүгін облыс орталығы – Түркістан қаласында әйелдердің, жүкті әйелдердің және отбасылық міндеттері бар қызметкерлердің еңбек құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін қорғау мәселелеріне арналған кездесу өтті. Іс-шараға кәсіподақ ұйымдарының өкілдері мен еңбек қатынастары саласының мамандары қатысты.

🔷 Жиын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Әліш Амангелді Салхудинұлының төрағалығымен өткізілді. Кездесу барысында жұмыс берушілердің жұмысқа қабылдау кезінде кемсітушілікке жол бермеуі, жүкті әйелдер мен отбасылық міндеттері бар қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтау, сондай-ақ икемді еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

🔷 Сонымен қатар, еңбек заңнамасының талаптарын сақтау, қызметкерлердің құқықтарын қорғау және әлеуметтік әріптестікті дамыту бағытындағы өзекті мәселелер талқыланды.

🔷 Кездесу соңында Департамент басшысы қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, еңбек заңнамасының талаптарын қатаң сақтаудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, еңбек құқықтарын қамтамасыз ету және заң талаптарына сәйкес жұмысты жалғастыру бойынша тиісті ұсынымдар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1248068?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version