Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, көрнекі ақпараттардың тілдік сауаттылығын арттыру және тіл мәдениетін насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» байқауы өз мәресіне жетті.
Байқауға қаламыздың 30-дан астам кәсіпкерлік нысаны қатысып, өздерінің көрнекі ақпараттарының сапасын, мемлекеттік тілдің қолданылу деңгейін және жарнама мәтіндерінің сауаттылығын көрсетті.
Қазылар алқасының шешімімен үздік деп танылған қатысушылар арнайы номинациялармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды. Сонымен қатар байқауға белсенді қатысқан кәсіпкерлерге алғыс хаттар табысталды.
Байқауға қатысып, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға үлес қосқан барлық кәсіпкерлерге алғысымызды білдіреміз!
#қарағандытілдердідамытубасқармасы #ЖарнамаТілТазалығыныңКөрінісі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-til-damytu/press/news/details/1249434?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау