Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Конституциясының 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енуіне орай жастарға Конституцияның негізгі ережелері мен құндылықтарын түсіндіруге арналған тақырыптық кездесу өтті.
Іс-шараға спикер ретінде Alikhan Bokeikhan University Заң факультетінің деканы Сабитов С. М., Абай облысы Әділет департаментінің Құқықтық түсіндіру жұмысы және заң қызметтерін көрсету бөлімінің басшысы Сәрсенбаева Ж.С., Семей қаласы прокуратурасы бөлімінің бастығы Сұңғатов Е.Қ. және Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының ақпараттық-талдау бөлімінің басшысы Серікбеков Д. С. қатысты.
Кездесуді «Абай жастары» жастар ресурстық орталығының директоры А. Б. Абдураимов жүргізіп, жастар арасында Конституция құндылықтарын насихаттау мен құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.
Іс-шараға жоғары оқу орындарының студенттерімен қатар, жастар ресурстық орталықтарының, жастар ұйымдары мен бірлестіктерінің, еріктілер ұйымдарының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында Конституцияның негізгі қағидаттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, заң үстемдігі және құқықтық мемлекетті қалыптастырудың маңызы жан-жақты түсіндірілді. Қатысушылар спикерлерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мазмұнды жауап алды.
Сонымен қатар, жастарға арналған мемлекеттік қолдау шаралары таныстырылып, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы мен «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына қатысу мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhastar-basqarmasy/press/news/details/1250268?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау