Әлеуметтік әріптестік жөніндегі салалық комиссияның отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінде Атом саласындағы әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссияның отырысы өткізілді.

Отырыста Салалық комиссияның мақсаттары, міндеттері, жұмыс тәртібі қаралды, Атом өнеркәсібі қызметкерлерінің салалық кәсіби одағы мен жұмыс берушілердің атом саласы ұйымдарындағы әлеуметтік-еңбек қатынастарының ағымдағы жай-күйі туралы ақпараты тыңдалды. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС, «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК, «Ядролық физика институты» РМК, «Ядролық технологиялар паркі» АҚ және «Үлбі металлургия зауыты» АҚ өкілдері баяндама жасады.

Салалық комиссияның негізгі мақсаты – еңбек қатынастарын реттеу мәселелері бойынша жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің мүдделерін үйлестіруді қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің құқықтары тең дәрежеде іске асырылатын қолайлы жағдайлар қалыптастыру. Отырыс барысында кәсіпорындардағы әлеуметтік-еңбек ахуалы тек кәсіпорын басшылығы мен кәсіподақ ұйымының қызметіне ғана емес, сондай-ақ барлық мүдделі тараптардың тиімді өзара іс-қимылына да байланысты екені атап өтілді.

Отырыс қорытындысы бойынша Салалық комиссияның жұмыс жоспары келісілді. Жоспарда әлеуметтік әріптестік саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру және өткізілген іс-шаралардың қорытындылары бойынша шолу есептерін әзірлеу көзделген.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atom-energiyasy/press/news/details/1250427?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version