АМАНӨТКЕЛ АУЫЛЫНДА 150 ОРЫНДЫҚ ЖАҢА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аманөткел ауылында 150 орындық жаңа мәдениет үйі салтанатты түрде пайдалануға берілді.

Ашылу рәсіміне облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ардагерлер, ауыл тұрғындары және зиялы қауым өкілдері қатысты.

Жаңа мәдениет үйінің ашылуы – ауыл тұрғындары үшін маңызды оқиға. Бұл нысан мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыруға, жастардың шығармашылығын дамытуға және ұлттық құндылықтарды насихаттауға мүмкіндік береді.

Салтанатты рәсімде облыс әкімі мәдениеттің ұлт руханиятының негізі екенін атап өтіп, жаңа мәдениет үйі ауылдың қоғамдық және мәдени өміріне серпін беретінін жеткізді.

Іс-шара барысында ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтар мен мәдениет үйінің құрылысын жүргізген мердігер мекеме қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Мемлекет және қоғам қайраткері Биғали Қаюпов құттықтау сөз сөйлеп, ауыл ақсақалы Шындалы Әбдіраманов ақ батасын берді.

Жаңа мәдениет үйі ауыл тұрғындарының игілігіне қызмет етіп, жас ұрпақтың өнерін шыңдайтын, мәдени шаралардың орталығына айналады деп күтілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-aral-amanotkel/press/news/details/1248433?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version