Арнаулы әлеуметтік қызметтер бойынша түсіндіру жұмыстары өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімі Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Балауса» №11 балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер түсіндірілді. Атап айтқанда, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №1021 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №807 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бірлескен бұйрықтың 2026 жылғы 28 мамырда №38803 болып қабылданғаны туралы ақпарат берілді.

Түсіндіру барысында аталған өзгерістер арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдарға мемлекеттік бақылауды жетілдіруге бағытталғаны айтылды. Енді тексеру барысында:

– арнаулы әлеуметтік қызметтерді лицензиясыз көрсету фактілері;
– лицензия алуға қойылатын біліктілік талаптары мен қажетті құжаттардың сақталуы бойынша талаптардың орындалуы бақылауға алынады.

Сонымен қатар, бұған дейін қолданыста болған тексеру парақтарында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған лицензияның болуын тексеру жөніндегі талаптар көзделмегені, бұл мемлекеттік бақылау жүргізу мүмкіндіктерін шектегені атап өтілді.

Енгізілген өзгерістердің нәтижесінде халықты әлеуметтік қорғау органдары арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдардың қызметіне тиімді мемлекеттік бақылау жүргізуге және лицензиялау туралы заңнама талаптары бұзылған жағдайда заңнамаға сәйкес әкімшілік ықпал ету шараларын қолдануға мүмкіндік алады.

Іс-шара соңында департамент мамандары мекеменің арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұйымдастыру және ұсыну барысымен танысып, қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша тиісті түсіндірмелер берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-shymkent/press/news/details/1249616?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version