Астана қаласы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Баян Жалғамағанбетова жұмыс сапарлары аясында қаланың қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты барлық үш мекемеге барды. Сапар барысында мекемелердің нысандары араланып, сотталғандарды ұстау жағдайлары, медициналық және әлеуметтік-тұрмыстық қызметтердің жұмысы зерделенді. Сонымен қатар, сотталғандарды жеке қабылдау өткізілді.
Кездесулер барысында сотталғандардың құқықтарының сақталуы, заңнамамен кепілдік берілген құқықтар мен әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлардың қамтамасыз етілу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, келіп түскен өтініштер мен арыз-шағымдар қаралды.
Мұндай жұмыс сапарлары мекемелер қызметінің ашықтығын арттыруға, сотталғандардың өзекті мәселелері мен ұсыныстарын тікелей тыңдауға және оларды уақытылы қарауға мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisastana/press/news/details/1248036?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау