Астанада дронның көмегімен топырақты заңсыз қазып, тасымалдау дерегі анықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Елордада топырақты заңсыз өндіру мен тасымалдау, сондай-ақ абаттандыру қағидалары мен табиғатты қорғау заңнамасын бұзу деректерінің жолын кесу бағытындағы жұмыстар жалғасуда.
Полиция қызметкерлері дронның көмегімен жүргізілген әуе мониторингі барысында Төле би көшесі бойында топырақты заңсыз қазып, тасымалдау фактісін анықтады.
Бақылау кезінде мемлекеттік тіркеу нөмірлерін автоматты түрде тану жүйесі арқылы заңсыз жұмыстарға тартылған үш жүк көлігі мен экскаватор-тиегіш анықталды.
Аталған дерек бойынша тиісті материалдар жиналып, Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасына жолданды.
Астана қаласының Полиция департаменті топырақты заңсыз өндіру мен тасымалдау қоршаған ортаға елеулі зиян келтіретінін және қолданыстағы заңнама талаптарын бұзу болып саналатынын еске салады. Мұндай құқық бұзушылықтар үшін заңда белгіленген жауапкершілік қарастырылған.
Полиция азаматтарды экологиялық құқық бұзушылықтарға бейжай қарамауға және осындай фактілерге куә болған жағдайда «102» арнасына дереу хабарлауға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-astana/press/news/details/1248457?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version