Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінде бұқаралық ақпарат құралдары қоғам өмірінде маңызды орын алады. Халықтың көкейіндегі өзекті мәселелерді көтеріп, қоғамдық пікірдің қалыптасуына, азаматтардың ақпаратқа қолжетімді болуына өлшеусіз үлес қосып келесіздер.
Қазіргі ақпараттық кеңістікте шынайылық пен жауапкершіліктің маңызы арта түскені белгілі. Осы орайда сіздердің кәсіби және азаматтық ұстанымдарыңыз ерекше құрметке лайық. Қандай жағдайда да нақтылық пен әділдікті ту етіп, қоғам үшін маңызды ақпаратты дер кезінде халыққа жеткізу – үлкен жауапкершілік пен табандылықты талап етеді.
Өңіріміздің тыныс-тіршілігін кеңінен насихаттап, игі бастамалар мен маңызды өзгерістерді ел назарына ұсынып жүрген барша медиа саласының өкілдеріне шынайы ризашылығымды білдіремін.
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, толайым табыс тілеймін. Еңбектеріңіз жемісті, абыройларыңыз асқақ болсын!
Ізгі ниетпен,
Атырау облыстық мәслихатының төрағасы Мұса Хайруллиев
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-atyrau-region/press/news/details/1248214?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау