Жағатал ауылдық округінің әкімі тарапынан «D» және «Е» санаттары бойынша есепте тұрған ауыл тұрғындарымен кездесулер өткізіліп, олардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау және табысын арттыру мақсатында «Ауыл аманаты» бағдарламасының мүмкіндіктері жөнінде кең көлемде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында бағдарлама аясында жеңілдетілген несие алу шарттары, шағын кәсіп ашу, мал шаруашылығы, егіншілік және өзге де кәсіп түрлерін дамытуға берілетін қолдау тетіктері туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, қатысушыларға құжаттарды рәсімдеу тәртібі, өтінім беру жолдары және мемлекеттік қолдау шараларын тиімді пайдалану бойынша тиісті түсіндірмелер ұсынылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhagatal/press/news/details/1249702?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау