Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай Белгородское ауылдық округінде болып, өрт сөндіру пункті құрылысының барысымен танысты.
Нысан «Белгородское» ЖШС қаражаты есебінен салынуда. Серіктестік басшысы Артем Любимов аудан әкіміне құрылыс жұмыстарының барысы туралы хабарлады. Қазіргі уақытта нысанға қажетті құрылыс материалдары әкелінді, жақын арада іргетас құю жоспарлануда.
Өрт пунктінің құрылысы ауылдық округтің өрт қауіпсіздігі деңгейін арттыруға және төтенше жағдайларға жедел ден қоюды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/1249227?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау