Облыс әкімі Павлодар облысының тартуы – Үстел теннисі орталығының құрылыс алаңында да болды. Бүгін Smart City-де құрылыс жұмыстары ресми түрде бастау алды.
Жалпы ауданы 2580,61 шаршы метрді құрайтын спорт нысаны екі қабаттан тұрады. Мұнда негізгі холл, медицина және күзет кабинеттері, спортшыларға арналған киім ауыстыру бөлмелері, жаттықтырушылар, төрешілер мен әкімшілік қызметкерлерге арналған кабинеттер, көрермендерге арналған трибуналар және өзге де қажетті үй-жайлар орналасады
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-sport/press/news/details/1249251?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау