Бүгін ел мерейін үстем етіп, туған өлкеміздің абыройын асқақтатып жүрген жерлестерімізге құрмет көрсетіліп, Алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табысталдым. Сұлулық индустриясы саласында кәсіби шеберлігімен ерекшеленген Мұрал Сая Өзбекстан Республикасында өткен халықаралық байқауда жүлделі орын иеленіп, еліміздің мерейін асқақтатты. Сондай-ақ ұлттық қолөнерді дәріптеп жүрген шебер Умирзакова Ботагөз де толағай жетістіктерімен көпшілікке үлгі болып келеді. Ол 2024 жылы Астана қаласында өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясындағы «Аламан құрақ» жобасына қатысып, Қазақстанның рекордтар кітабына енді. 2025 жылы Алматы қаласындағы «Медеу» мұз айдынында өткен республикалық шарада екінші рет рекорд орнатуға үлес қосты. Ал биыл, 15 мамыр күні Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында өткен республикалық іс-шарада екі бірдей рекордтың орнатылуына қатысып, алтын медальмен марапатталды. Көпбалалы аналардың отбасы тәрбиесімен қатар, өз салаларында биік белестерді бағындырып, халықаралық деңгейде жетістікке жетуі – зор еңбек пен табандылықтың айқын көрінісі. Бұл – жастарға үлгі, ауылымыздың мақтанышы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbekshikazakh-rahat/press/news/details/1249457?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау