Департамент басшысы азаматтарды жеке қабылдап, оның барысында білім беру ұйымында бұрын берілген нұсқаманың орындалуына қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізу мәселесі қаралды.
Қабылдау барысында өтініш берушіге бақылау іс-шараларын жүргізу тәртібі, сондай-ақ анықталған бұзушылықтардың толық және уақтылы жойылуын бағалау бойынша қабылданатын шаралар туралы түсініктемелер берілді.
Қабылдау қорытындысы бойынша өтініш бақылауға алынып, жауапты мамандарға қойылған мәселені қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қарау және одан әрі қадағалау бойынша тиісті тапсырмалар берілді.
Департамент білім беру саласындағы берілген нұсқамалардың орындалуын және заңнама талаптарының сақталуын тұрақты негізде бақылауды жүзеге асырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-pavlodar/press/news/details/1248835?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау