23 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілер күніне орай департаментте салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында департамент басшысының м.а. Касенова Анара Бауыржановна ұжым қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, мемлекеттік қызметтің қоғам мен мемлекет алдындағы маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі жоғары, адалдық пен кәсібилікті талап ететін қызмет екенін атап өтті.
Мерекелік шара аясында жаңадан мемлекеттік қызметке қабылданған Картбаев Алихан Романович Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшісінің антын қабылдады.
Кездесу соңында қызметкерлерге кәсіби қызметтерінде табыс, жаңа жетістіктер мен отбасыларына амандық тіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-inspection/press/news/details/1249089?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау