Департамент қызметкерлері «Нефтехим LTD» компаниясының ұжымымен заманауи киберқауіптер мен жасанды интеллекттің көлеңкелі жағын талқылады.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құқық бұзушылықтардың алдын алу аясында «Нефтехим LTD» компаниясында Экономикалық тергеп-тексеру  департаменті мен полиция департаменті қызметкерлерінің қатысуымен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді.

Іс-шара барысында жасанды интеллекттің көлеңкелі жағына ерекше назар аударылды. Департамент өкілі жасанды интеллект технологияларын заңсыз мақсаттарда, соның ішінде жалған кескіндер, жалған аудио және бейне жазбалар жасау, сондай – ақ алаяқтық әрекеттер жасау үшін нейрондық желілерді қолдану тәуекелдерін түсіндірді.

Қатысушыларға цифрлық қатерлерді тану және кибер сауаттылық деңгейін арттыру бойынша практикалық ұсыныстар берілді. Мұндай кездесулер цифрлық ортада қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-pavlodar/press/news/details/1249603?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version