Діни бірлестіктер өкілдері арасында үстел теннисінен турнир

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың 28 маусымда Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы және «Ел ертеңі» ЖҚБ қолдауымен  діни бірлестіктер көшбасшыларының клубы аясында «Астана күні» мемлекеттік мерекесіне арналған өңірдің діни бірлестіктері өкілдері арасында үстел теннисінен турнир ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты: конфессияаралық және қоғамдық келісімді, қазақстандық бірегейлікті нығайту, мемлекет дамуының зайырлы принциптерін ілгерілету және дінді деструктивті мақсатта пайдалануға жол бермеу, сондай-ақ спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау.

Турнирге ҚМДБ облыстық филиалы, «Қостанай және Рудный епархиясы», «Жатва шіркеуі» «Өмір бұлағы», «Кришна санасы қоғамы», «Агапе», «Евангелдік христиан Баптистер» (Қостанай қаласынан), «Жаңа өмір» (Рудный қаласы), «Жатва шіркеуі», «ХСЦ шіркеуі» (Лисаков қаласы) діни бірлестіктерінің діни қызметшілері мен мүшелері қатысты.

         Жарыс қорытындысы бойынша жүлдерлі орындарды «Жатва шіркеуі», «Жаңа өмір» және «ЕХБ» ДБ өкілдері иеленді. Турнир жүлдегерлері мен барлық қатысушылар грамоталар, медальдармен және сыйлықтармен марапатталды. Спорттық іс-шара соңында қатысушылар өз әсерлелерімен бөлісіп, жарыстың ұйымдастырылуы үшін алғыстарын білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-din/press/news/details/1249601?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version