«Екібастұз – еңбек пен бірліктің символы, жаңғырған басқарудың бастауы»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Семей қаласы мәслихатының төрағасы Еркен Сағандықов өңіраралық ынтымақтастықты нығайту және мәслихаттар арасындағы тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған «Екібастұз – еңбек пен бірліктің символы, жаңғырған басқарудың бастауы» атты семинар-кеңеске қатысты.

Семинар бағдарламасы аясында қатысушылар Екібастұз қаласының әлеуметтік-экономикалық даму тәжірибесімен танысып, жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру, депутаттық қызметтің тиімділігін арттыру және өңіраралық әріптестікті дамыту бағытындағы өзекті мәселелерді талқылады. Сонымен қатар, өндірістік кәсіпорындардың жұмысымен танысып, мәдени-рухани және әлеуметтік нысандарды аралады.

Аталған іс-шара мәслихаттар арасындағы өзара тәжірибе алмасуды кеңейтіп, үздік тәжірибемен бөлісу арқылы жергілікті өкілді органдар қызметінің тиімділігін арттыруға ықпалын тигізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/semeymaslihat/press/news/details/1248950?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version