Есірткіге қарсы және оның алдын алу бойынша ақпарат

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Есірткіге қарсы күрес және оның алдын алу – қоғамның денсаулығын сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды бағыттардың бірі.

Есірткіні қолдану адамның денсаулығына ауыр зиян келтіреді. Ол жүйке жүйесін зақымдап, тәуелділікке әкеледі, оқу мен еңбекке деген ынтаны төмендетеді, отбасылық және әлеуметтік мәселелердің туындауына себеп болады. Сонымен қатар, есірткінің заңсыз айналымы қылмыстың көбеюіне әсер етеді.

Есірткінің алдын алу мақсатында:

  • тұрғындар арасында тұрақты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
  • жастарды спортқа, мәдени және қоғамдық іс-шараларға тарту;
  • мектептерде, мекемелерде және қоғамдық орындарда профилактикалық кездесулер ұйымдастыру;
  • ата-аналардың бала тәрбиесіне жауапкершілігін арттыру;
  • салауатты өмір салтын насихаттау;
  • есірткінің заңсыз айналымы туралы құқық қорғау органдарына дер кезінде хабарлау қажет.

Есірткіге қарсы күрестің басты мақсаты – халықтың, әсіресе жастардың денсаулығын қорғау, олардың зиянды әдеттерге бой алдырмауына ықпал ету және қауіпсіз қоғам қалыптастыру.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-eskeldy-aldarbergenov/press/news/details/1249731?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version