«Ethno Camp» – ұлттық құндылықтарға негізделген жазғы демалыс

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жыланды ауылында жазғы демалыс маусымының басталуына орай «Ethno Camp» жазғы лагерінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Іс-шарада Ақсақалдар алқасының төрағасы Ж. Копчикпаев, «Шежіре өнер тәлім отауы» үйірмесінің мүшесі Ж. Қалиева, мәдениет үйінің директоры Э. Мукашева және лагерь ұйымдастырушылары атынан тәрбие ісі жөніндегі ұйымдастырушы С. Қасымов құттықтау сөз сөйлеп, балаларға көтеріңкі көңіл-күй, жарқын әсер мен қызықты демалыс тіледі.

Лагерьдің алғашқы күні қатысушылар өзара танысып, ұлттық және спорттық ойындарға қатысып, көңілді би билеп, жазғы демалыстың жарқын сәттерін бірге қарсы алды.

«Ethno Camp» жазғы лагері – жас ұрпақтың ұлттық салт-дәстүрге деген құрметін арттырып, достық пен бірлікті нығайтуға, бос уақытын мазмұнды әрі пайдалы өткізуге бағытталған тағылымды жоба.

Жазғы лагерьдің жұмысына табыс тілейміз! Балалардың демалысы қызықты, қауіпсіз, мазмұнды әрі есте қаларлықтай өтсін!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhylandy/press/news/details/1249337?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version