2026 жылғы 26 маусымда Кеген ауданындағы Кеген ауылының ХҚКО ғимаратында Алматы облысы Әділет департаментімен құқықтық түсіндіру іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараға адвокаттар, нотариустар және жеке сот орындаушылары қатысып, азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсетті. Қабылдау барысында тұрғындардың сұрақтарына жауап беріліп, заңнама нормалары түсіндірілді.
Мұндай іс-шаралар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және халыққа білікті заң көмегін көрсетуге бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-alm/press/news/details/1249483?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау