Құрметті азаматтар!
Соңғы уақытта интернет арқылы жасалатын алаяқтық қылмыстары көбейіп отыр. Алаяқтар өзін банк қызметкері, құқық қорғау органы қызметкері немесе танысыңыз ретінде таныстырып, жеке деректеріңізді алуға тырысады.
🔹 Банк картасының нөмірін, CVV кодын және SMS арқылы келген кодтарды ешкімге айтпаңыз.
🔹 Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз.
🔹 Интернет арқылы тауар сатып алғанда сатушыны мұқият тексеріңіз.
🔹 Белгісіз нөмірлерден келген қоңырауларға сақтықпен қараңыз.
🔹 Ақша аудармас бұрын ақпараттың дұрыстығына көз жеткізіңіз.
Егер алаяқтық фактісіне тап болсаңыз немесе күмәнді жағдай орын алса, дереу полицияға хабарласыңыз.
Сақтық – қауіпсіздіктің кепілі!
Шалқар ауданы полиция бөлімі 🚔
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-monkebi/press/news/details/1248010?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау