Интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында дәріс өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және Киберпол басқармаларының қызметкерлері «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның Қызылорда облысы бойынша өңірлік филиалында нашақорлық пен интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында дәріс өткізді. Кездесу барысында қатысушыларға есірткінің адам денсаулығына және қоғамға тигізетін зияны, оны заңсыз сақтағаны мен таратқаны үшін заңда көзделген жауапкершілік туралы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар интернет арқылы жасалатын алаяқтықтың кең таралған түрлері, алаяқтардың айла-тәсілдері және жеке деректерді қорғау жолдары жөнінде ақпарат берілді. Іс-шара соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, полиция қызметінің қоғамдағы рөлі мен құқық бұзушылықтардың алдын алудағы маңыздылығы туралы мәліметтермен танысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1250116?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version