Интернет алаяқтықтың алдын алу бағытындағы түсіндіру жұмыстары жалғасуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қызылорда қаласы Полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері интернет алаяқтықтың алдын алу мақсатында халық көп шоғырланатын орындарда, соның ішінде халыққа қызмет көрсету орталықтарында тұрғындармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында азаматтарға интернет алаяқтарының жиі қолданатын айла-тәсілдері түсіндіріліп, жеке деректерді, банк картасының мәліметтерін, сондай-ақ SMS арқылы келген бір реттік растау кодтарын ешкімге бермеу қажеттігі ескертілді. Сонымен қатар тұрғындарға алаяқтықтан сақтану жолдары көрсетілген ақпараттық жадынамалар таратылып, күмәнді қоңырауларға, сілтемелерге және хабарламаларға сенбеу, белгісіз тұлғалардың өтінішімен қаржылық операциялар жасамау жөнінде кеңестер берілді. 🔹 Қызылорда қаласы Полиция басқармасы тұрғындарды қырағылық танытып, интернет алаяқтарының арбауына түспеуге шақырады. Егер алаяқтық белгілеріне тап болсаңыз немесе күмәнді жағдайлар орын алса, дереу 102 арнасына хабарласыңыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1249206?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version